Тәліптер ауған аруларына БҰҰ мекемелерінде жұмыс істеуге тыйым салды

430

БҰҰ өкілдері жағдайды түсіндіру үшін Кабулда билікпен кездеседі.

Тәліптер ауған аруларына БҰҰ мекемелерінде жұмыс істеуге тыйым салды Фото: google

"Талибан" радикалды исламшыл қозғалысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрамындағы ауған аруларына Ауғанстан аумағында жұмыс істеуге тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Жаңа тыйым бүкіл елге қатысты болмақ", - деді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Дюжаррик бұл тыйымды "мәнсіз" деп атап, ол "гуманитарлық ұйымдардың оған мұқтаж адамдарға көмек көрсету қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін" екенін айтты. 

Бұған дейін БҰҰ-да Ауғанстан әйелдерінің жұмысына тыйым салу тек Шығыс Нангархар провинциясына қатысты деп хабарланған болатын. БҰҰ өкілдері жағдайды түсіндіру үшін сәрсенбіде Кабулда билікпен кездесуге ниетті.

2022 жылдың желтоқсанында Талибан үкіметтік емес ұйымдарда (ҮЕҰ) әйелдердің жұмысына тыйым салды. Жаппай халықаралық наразылықтардан кейін тыйым  Денсаулық сақтау саласында жеңілдетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу