Ауғанстандағы "Талибан" радикалды қозғалысы ел аумағында өзінің мемлекеттік органдарын құратынын мәлімдеді. Ұйымның баспасөз хатшысы Забихулла Муджахидтің айтуынша, қазір бұл ұйым ауған жерінің 52 пайызына әмірін жүргізіп отыр.
Тәліптер енді әскери қимылдарды күшейтіп қана қоймай, саяси ықпалын да кеңейтуді көздейді. Бұл іс жүзінде жеке-дара мекемелер құру дегенді білдіреді. Сондай-ақ қозғалыс өкілі көктемгі жорықтардың басталуына байланысты бейбіт тұрғындарға әскери базалардан аулақ жүру керектігін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу