Тәліптер елді Ауғанстан билігімен бірге басқарудан бас тартты

1223

Олар елдің шамамен 60-85%-ын бақылауына алған.  

Тәліптер елді Ауғанстан билігімен бірге басқарудан бас тартты

"Талибан" қозғалысы Ауғанстан үкіметінің соғыс қимылдарын тоқтату үшін елді бірлесе басқару туралы ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Талибан Кабулдың билікті екіге бөлу және атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамайды. Біздің мақсатымыз – шет елдердің мемлекет ісіне араласуын тоқтатып, елде ислам үкіметін құру. Егер олар біздің шартымызды орындаса, біз мәміле жасасуға дайынбыз. Егер Кабул біздің талаптарымызбен келіспесе,  бізге осы күрес пен жиһадты жүргізу оңай болады", –  "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мужахид.

Бұған дейін ресми Кабул "Талибан" қозғалысының жетекшілеріне билікті екіге бөліп, елді бірлесе басқаруды ұсынған болатын. Ауғанстан үкіметі тәліптермен бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізу керек деп санайды, өйткені елдегі жағдай ушығып барады.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы операцияны аяқтау туралы шешімін жариялады. Әр түрлі деректер бойынша, тәліптер ел аумағының 60-85%-ын, соның ішінде Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан және Түркіменстан сияқты елдермен арадағы шекарада орналасқан аудандарды бақылауына алған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу