Тәліптер глобустың өз нұсқасын ұсынды: онда Қазақстан Ауғанстанмен шектеседі

724

Кабулда жаңа глобустың қондырғысы орнатылды, онда Ауғанстан Ислам Әмірлігінің аумағы мемлекеттің нақты аумағынан асып, көрші елдердің жерлерін алып жатқан көрінеді.  

Тәліптер глобустың өз нұсқасын ұсынды: онда Қазақстан Ауғанстанмен шектеседі Фото: 24.kg

Бұл туралы ВВС хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, глобустың Талибан (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) нұсқасында Иран, Пәкістан мен Орталық Азия мемлекеттерінің жерлері Ауғанстан аумағына қосылып кеткен, ал елдің өзі Қазақстанмен ортақ шекараға ие.

Талибан глобусы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға айналды. Пікір білдірушілер оны сынға алып, құрастырушылардың надандығы мен білімсіздігіне ашуланды.

Инсталляцияны жасаушы Исматулла Хабиби картадағы мемлекетті көрнекі ету үшін Ауғанстанның өлшемдерін өзгерткенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу