Батыстан шығысқа қарай алғанда бұл тізімге Герат, Бадгис, Фарьяб, Джаузджан, Балх, Құндыз, Тахар және Бадахшан өңірлері кіреді. Осыдан 10 жыл бұрын елге НАТО әскері кірген соң, жағдай өзгеріп, бейбіт өмір басталды. Олармен шекаралас Түркіменстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінде де алаңдауға негіз болған жоқ. Бірақ бұл тыныштық ұзаққа созылмады. 2013 жылдан бері Ауғанстан қауіпсіздік күштері тәліптер мен өзге де әскери топтарға қарсы күреске белсене қатыса бастады. Лаңкестер Түркіменстан мен Тәжікстан шекарасында артилеррия снарядтарын да жіберген. Ал тура бір жылдан кейін әскери содырлар өзен арқылы Түркіменстанға өтіп, үш түркімен шекарашысын өлтіреді. Осыдан 2 апта бұрын Тәжікстанда басталған шабуыл, Өзбекстанға дейін жетті.