Тәліптер ірі қалаларға шабуылды жиілетті

826

Тәліптер ірі қалаларға шабуылды жиілетті

Ауғанстанның Кандагар провинциясында белгісіз қарулы топ 7 тұрғынды мерт қылып, 70-тен астамын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды khabar.kz.

Полиция шабуылға байланысты "Талибан" радикалды қозғалысының содырларынан күдіктеніп отыр. Қазір тәртіп сақшылары тұтқындағы 30 адамды азат еткен. Қалғандарының халі белгісіз. Ал үкімет күштері бірнеше күн бойы ел аумағының ондаған аймағында арнайы операция жүргізіп жатыр. Сарбаздар соңғы бір күннің ішінде 60-қа жуық содырдың көзін жойған.

Айта кетейік, қазір Ауғанстанда тәліптер ірі қалаларға шабуылдарын жиілеткен. Осымен қатар "Ирак және Левант лаңкестік ұйымы" да өз ықпалын нығайтуға күш салып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу