Тәліптер лаңкестікпен күресеміз деген уәдесін орындаса болды – Лавров

763

Бұған дейін "Талибан" инклюзивті үкімет құратынын жариялаған еді.

Тәліптер лаңкестікпен күресеміз деген уәдесін орындаса болды – Лавров Фото: reuters.com

12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуі барысында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай мәлімдеме жасады. 

Саясаткер "Талибан" қозғалысының лаңкестікпен күресеміз деген уәдесі мен ішкі саясатқа қатысты ұстанымына қатысты пікірін білдірді. 

"Тәліптер есірткі саудасы және лаңкестікпен күресті қолға алатанынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар ел ішіндегі тұрақсыздықтың көршілес елдерге әсер етуіне жол бермей, инклюзивті үкімет құратынын жариялады. Ең бастысы олардың бұл уәдесі орындалса болды", – деді Лавров.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Азиядағы тұрақтылық, қауіпсіздік және бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша серіктестікті нығайту жөніндегі халықаралық форум. Қазіргі таңда кеңестің құрамында 27 мемлекет бар. 5 халықаралық ұйым мен 9 ел бақылаушы ретінде қатысып жүр. Форум Қазақстанның ұсынысымен 1992 жылы құрылған еді. Оның секретариаты Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу