Тәліптер Нангархор провинциясында митингке шыққандарға оқ атқан

986

"Талибан" үкімет құрғаннан кейін, Қытай Ауғанстанға көмектеседі. 

Тәліптер Нангархор провинциясында митингке шыққандарға оқ атқан

"Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) елдегі жағдайды тұрақтандырғаннан кейін, Қытай Ауғанстанға көмектеседі, деп хабарлайды Inbusiness.kz  ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзяньнің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Дипломаттың айтуынша, Ауғанстанмен арадағы жаңа қатынастар "өз елінің мүдделерін жеткілікті түрде қорғайтын толерантты және ашық үкімет" құрылғаннан кейін орнатылады. Ол Қытай үкіметі елдегі бейбітшілікті қалпына келтіруге күш салуды жалғастыратынын атап өтті.Лицзянь сонымен қатар ҚХР Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыруға көмектесетінін жариялады. 

18 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары наразылық білдірушілерге оқ жаудырды. Митинг Нангархар провинциясында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан, жараланғандар бар.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу