Тәліптердің кесірінен АҚШ нарығындағы көрсеткіштер құлдырады

733

Tesla акциялары 3%-ға арзандады. 

Тәліптердің кесірінен АҚШ нарығындағы көрсеткіштер құлдырады

16 тамыздағы сауда-саттық барысында АҚШ биржаларындағы акциялар құлдырады. Бұған себеп болған факторлар – Ауғанстан билігіне "Талибан" қозғалысының келуі мен коронавирус жұқтырған америкалықтар санының өсуі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, S&P 500 индексі 0,31%-ға төмендеді. Dow Jones өнеркәсіптік индексі 0,17%-ын жоғалтты. Nasdaq индексі 0,8%-ға төмендеп, кейін 0,52 пайызға көтерілді. Russell 2000 шағын компаниялары акцияларының индексі 0,46%-ға, Tesla акциялары 3%-ға арзандады.

Өткен демалыс күндері Ауғанстан үкіметінің ыдырағаны туралы жаңалық инвесторларға да жетті. Бұл елдің экономикасы шағын болғанымен, оның Оңтүстік және Шығыс Азиядағы экономикалық алыптар мен мұнайға бай Таяу Шығыс арасындағы орналасуы маңызды фактор саналады.
15 тамызда "Талибан" Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған еді.

"Талибан" радикалды қозғалысының ресми өкілі Мохаммад Наимның айтуынша, жақын арада Ауғанстанда биліктің жаңа түрі мен басқару формасы анықталады, тәліптер оқшауланып өмір сүргісі келмейді, халықаралық қатынастарды бейбіт жолмен құруға ниетті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу