Тәліптерге ойын-сауық саябақтарына қарумен кіруге тыйым салынды

1010

Әскери форма кигендердің кіруіне де шектеу қойылды.  

Тәліптерге ойын-сауық саябақтарына қарумен кіруге тыйым салынды

"Талибан "радикалды қозғалысының содырларына Ауғанстандағы ойын-сауық саябақтарына қарумен кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz қозғалыстың ресми өкілі Забиулла Муджахидтің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ислам Әмірлігінің (тәліптердің саяси жүйесінің атауы) моджахедтеріне ойын-сауық саябақтарының аумағына қару-жарақпен, әскери формада кіруге, сондай-ақ көлікпен кіруге тыйым салынады. Олар мұндай саябақтардың барлық ережелерін қатаң сақтауға міндетті", – деп жазды ол. 

2021 жылдың тамыз айының басында "Талибан "Ауғанстан үкіметінің күштеріне қарсы шабуылды бастап, 15 тамызда Кабулды басып алды. Келесі күні соғыстың аяқталғанын мәлім етті. Тамыздың соңғы екі аптасында АҚШ әскери күштерінің бақылауында болған Кабулдағы әуежайдан Батыс елдерінің азаматтары мен олармен жұмыс істеген ауғанстандықтар жаппай эвакуацияланды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскерилері Ауғанстаннан біржола кеткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу