Тәліптермен Ауғанстан мәселесі қаралды

275

Талибан делегациясы Мәскеудегі Ауғанстан бойынша консультацияларға барды.

Тәліптермен Ауғанстан мәселесі қаралды Фото: Ресей СІМ

Делегацияны Ауған СІМ басшысының міндетін атқарушы Әмір Хан Муттаки басқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2017 жылы құрылған "Мәскеу форматы" ауғандық реттеуге мүдделі мемлекеттерді біріктіреді: Қазақстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан.

Талибан делегациясын Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысының міндетін атқарушы Әмір Хан Муттаки басқарады. 

Консультациялар шеңберінде Ауғанстандағы ұлттық татуласу процесіне жәрдемдесу, аймақ елдерінің Кабулмен саясаттағы, экономикадағы, терроризмге қарсы және есірткіге қарсы қызметтегі өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылау жоспарланған.

Бұған дейін Катардағы "Талибан" саяси бюросының басшысы Сухейл Шахин ұйымның Қазандағы БРИКС саммитіне қатысуы маңызды екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу