Таллинде ТМД теміржолшылары бас қосты

1049

Таллинде ТМД теміржолшылары бас қосты

26-27 қазанда Таллинде ТМД елдерінің Темір жол әкімшілігі кеңесінің 65-отырысы өтті. Оған елімізден  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация қатысты, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Таллинге Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары мен Кеңестің қауымдастық мүшелері – Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері де қатысты.

Отырыста Кеңестің 64-отырысы шешімдерінің орындалу қорытындысы мен темір жолдарды пайдаланудың 2016 жылғы тоғыз ай қорытындысы қаралды.

Сонымен қатар 2016 жылғы тоғыз айдағы темір жол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу туралы ақпарат алмасты. Барлығы темір  жол көлігін тоқтаусыз жүргізу, ТМД елдер арасындағы темір жолдармен жолаушы және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ондаған мәселелер қаралып, келісілді.

Таллинде "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Қ. Алпысбаев "Ресей темір жолдары" ААҚ президенті О. Белозеровпен, Белоруссия темір жолының бастығы В. Морозовпен көліктік логистикалық шараларды бірлесіп ұйымдастыру жайын ақылдасты.

Сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Литва елдері арасындағы жүк тасымалдауды өсіру мақсатындағы қолайлы жағдай жасау жөніндегі өзара кездесулері өткізілді.

Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктері Кеңесінің 66- отырысын 2017 жылғы мамырда Ресейде өткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу