Тамабек Әбілхайыр - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

699

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тамабек Әбілхайыр - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Фото: primeminister.kz

Тамабек Әбілхайыр 2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымында қызмет еңбек етті.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.

2015 жылы Халықаралық бизнес университетін "бағалау", Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін "менеджмент", 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған. Ол әр жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасында, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасында, Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасында, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде түрлі қызмет атқарған. Ал 2022 жылғы сәуірден осы күнге дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу