"Тамақ істемедің": Келіншегіне қол көтерген қызылордалық тұрғын жазаланды

Ол отбасындағы жанжал кезінде әйелін ұрған.

"Тамақ істемедің": Келіншегіне қол көтерген қызылордалық тұрғын жазаланды Фото: freepik

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне алынған ол сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта азамат пробация қызметінің бақылауымен қала аумағын тазалау жұмыстарын атқарып жүр.

Ол өз әрекетіне өкініш білдіріп, ашуға бой алдырғанын мойындады. 

– Әйеліме дауыс көтеріп қана қоймай, қол жұмсағаным – үлкен қателік. "Тамақ істемедің" деп артық кеттім. Әйел адамның нәзік жан екенін ескермедім. "Ашу – дұшпан, ақыл – дос" демекші, сабыр сақтай алмағаныма өзім кінәлімін. Енді жасаған әрекетім үшін жауап беріп, қоғамдық жұмыс арқылы қоғамға пайдамды тигізуге тырысып жүрмін, – дейді ол.

Пробация қызметінің инспекторлары есепте тұрған азаматтармен күнделікті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Басты мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтардың түзелуіне ықпал ету және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу