Тамақ өндірісіне салынған инвестиция 24,3 млрд теңгені құрады

765

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 54,8%-ға артқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тамақ өндірісіне салынған инвестиция 24,3 млрд теңгені құрады

"Қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 591,3 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3%-ға көбеюі есебінен болды. Мәселен, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,1%-ға, сүт 3,4%-ға өсті", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, есептік кезеңде тамақ өнімін өндіру көлемі 3,3%-ға ұлғайып, 487,2 млрд теңгені құрады. 

"Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 54,8%-ға артып, 112,3 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 86,8%-ға, артып, 24,3 млрд теңгені құрады", – деді Сапархан Омаров. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу