Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр

1468

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр

Қарағанды облысында ел тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов өткен жылдың аграрлық сектор үшін табысты жыл болғанын атап өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Есептік кездесуде әр облыстың өндірістік көлеміне қатысты төмендегі мәлімет келтірілді.

Республика бойынша өндіріс көлемінде ең жоғары үлестік салмақ Алматы облысында 16%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында 12%-ды құрап, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында 11%-дан асты.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемінің өсімі 4%-ға жуықтап, 1,3 трлн. теңгеге жетті. Айта кетерлігі, ең жоғары өсім Жамбыл облысында орын алып, 40%-дан асты. Бұдан басқа, Қостанай облысында 21%-дан жоғары болып, Ақмола облысында 10%-ға жуықтады, Қызылорда облысында 7%-дан асты. Сонымен бірге, бірқатар облыстарда тамақ өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуіне жол берілді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында 13,5%-ға, Батыс Қазақстан облысында 4%-ға, Атырау облысында 3%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 1%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу