Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстандық зертханаларды жарақтандыру Еуразиялық экономикалық одағының басқа елдерінен, оның ішінде Ресей мен Беларусьтен кем түсетіні жасырын емес. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бүгінде тамақ өнімдерін әкелу кезінде зертханалық бақылау көрінетін өзгерістер анықталған жағдайда ғана қолданылады. Бізге әкелінетін өнімге сапалы бақылауды қашан қамтамасыз ете аламыз? Біздің зертханалар заманауи жабдықтармен және жоғары білікті мамандармен қашан қамтамасыз етіледі?", – деп сұрады сенатор Серік Шайдаров.
Б. Бекбауовтың айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттейтін зертханалар 17 облыс орталықтарында және 149 ауылдық жерде орналасқан.
"Зертханалардың техникалық сапасы қазір әлемдік стандарттарға сай келмейтінін айтып өту керек. Оның ішінде 14 жылдан астам техникалық құралдар бар. Біз зертханаларды жаңарту жұмыстарын бастап кеттік. Осы жылы Үкімет тарапынан 3,8 млрд теңге бөлінген. Оған 9 жаңа техникалық құрал-жабдықтарды алып, облыс орталықтарына және экспортқа шығатын шекара аумақтарға орнатайын деп отырмыз. Ендігі жылғы жоспар бойынша 7,2 млрд теңге сомасын бюджеттен сұрап отырмыз. Ол қалған зертханалардың жабдықтарын жаңартуға жұмсалатын болады", – деді вице-министр.
Қаражат қалған зертханалардың жабдықтарын жаңартуға жұмсалмақ.