Тамара Дүйсенова Атамбаевтың сынына жауап берді

1004

Тамара Дүйсенова Атамбаевтың сынына жауап берді

Өткен апта Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан ЖІӨ-нің Қырғыз Республикасынікінен 20 есе көп болғанына қарамастан зейнетақы көлемі тек 1,5 есе ғана жоғары екенін айтқан еді. 

Осыған орай бүгін мәжілістегі үкіметтік сағатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды naryk.kz.

"Қазақстан мен Қырғызстан қашанда бірін бірі материалдық деңгейі қандай болса солай қабылдап, біріне бірі қолдау көрсетіп келді. Әлеуметтік төлем көлемі мен оның деңгейі мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан да өзге елдің әлеуметтік төлемдерінің көлемі туралы мәселе көтермейміз. Қазақстанның әлеуметтік төлемге бөлінетін қаражат көлемі ЖІӨ-нің 4,2 пайызын құрайды… Біз Қырғызстанның әлеуметтік төлемдер көлеміне сын тақпаймыз", - деді Тамара Дүйсенова.

"Қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақы көлемі көршілерімізден 2,6 есеге артық. Келер жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш шамамен үш жарым есеге артық болады", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу