"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
1987 ж. - Тәшкент халық шаруашылығы институтын "инженер-экономист" мамандығы бойынша бітірген, экономка ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1988-1992 жж. - Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.
1992-1993 жж. - Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.
1993-1994 жж. - "Перизат-холдинг" компания бөлімінің жетекшісі.
1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары.
1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2006-2008 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2013 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2018-2019 жж. - "Nur Otan" париясының хатшысы.
2019 жылдың 15 шілдесінен бастап - "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ жетекшісі.
2020 жылдың 5 мамырынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.