Қазақмыс бойынша 1000-ға жуық адам қысқаруы мүмкін. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының әкімдігінде өткен өндіріс модернизациясына байланысты еңбек нарығындағы болжамды өзгертулер турасындағы жиында осылай деді, деп хабарлайды Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі.
"Көбіне бұлар әкімшілік-басқарма қызметкерлері. Жұмыстан босату кезеңмен жүргізіледі. Бірнеше нұсқа қаралуда: компанияда жұмыстарын жалғастыру үшін мамандарды қайта даярлау және оқыту; тектес кәсіпорындарға ауыстыру; Қазақстан бойынша басқа салаларға ауыстыру. Екі жүйе құраушы компанияда желтоқсан айының ортасына дейін аймақтық штабқа жол карталарының нақты нұсқаларын ұсынуға тиіс", - деді министр.
Сонымен қатар Евразиялық топ (ERG) кәсіпорындарындағы еңбек ресурстары да басшылықтың назарында болады."Шұбаркөл көмір" АҚ жетекшілерінің мәліметінше, кәсіпорындарда жаңа технологияларды қолдану үшін қосымша жұмыс күші – 700 жуық адам қажет. Мемлекет кадрларды даярлауда көмектеседі.
Тамара Дүйсенова Жол карталарын іске асыру аймақта бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.
"Жол картасы бірінше кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын, - деп санайды еңбек министрі. – Ең бастысы – бүгінде біз аймақ кәсіпорындарында жұмыскердің жұмыстан босатылып жатқанына қатысты ауқымды мәселелерді көріп отырған жоқпыз".