Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі лауазымына тағайындалды

737

Осыған дейін аталмыш лауазымды атқарып келген Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.  

Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі лауазымына тағайындалды

Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Т.Б. Дүйсенованы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 5 мамыр

 № 327

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді;

1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;

1993-1994 жылдары – "Перизат-холдинг" компаниясының бөлім басшысы;

1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;

1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі;

2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013);

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014);

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017);

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018);

"Nur Otan" париясының хатшысы (2018-2019).

"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005) медальдарымен марапатталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу