Тамара Дүйсенова: "Құрметті донор" төсбелгісі қайтадан берілмек

343

Елімізде "Құрметті донор" төсбелгісі қайтадан беріле бастайды.   

Тамара Дүйсенова: "Құрметті донор" төсбелгісі қайтадан берілмек Фото: aif.ru

Ол үшін донор кемінде 40 рет қан немесе 70 рет қан плазмасын өтеусіз негізде өткізуі тиіс. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. Мұндай төсбелгі 2009 жылы күшін жойған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда жоғарыда аталған мөлшерде қан өткізген 210 адам бар. Алайда олардың 65-і, яғни 30 пайызы ғана арнайы төсбелгімен марапатталған.

"Бүгінде төсбелгінің үлгісі әзірленіп жатыр", - деді Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу