Тамара Дүйсенова министр болады

964

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр лауазымына тағайындалатын Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенова министр болады

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Тамара Дүйсеноваға бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды. Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу