Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары болды

2097

Бұл туралы inbusiness.kz  Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары болды Фото: 7kun.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы информатика бойынша орта мектептің мұғалімі болып бастады.

Қызметтері:

1988 жылдан 1992 жылға дейін — Өзбек КСР Мемлекеттік Жоспары жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономисі;

1992 жылдан 1993 жылға дейін — Сарыағаш аудандық әкімшілік басқармасының аға экономисі;

1993 жылдан 1994 жылға дейін — "Перизат-холдинг" компаниясының бөлім басшысы;

1994 жылдан 1997 жылға дейін — Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары;

1997-1999 жылдары — Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2002-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008-2013 жылдар аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

2013 жылы — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2019 жылы — "Nur Otan" партиясының хатшысы.

2019 жылдың шілдесінен бастап — "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" басшысы.

2020 жылдың  5 мамырынан бастап  - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу