Тамыз айы: Азық-түлік бағасы 20,8%-ға өсті

938

2022 жылғы тамызда инфляция жылдық есептеуде – 16,1%-ды, бір айда 1,4%-ды құрады.

Тамыз айы: Азық-түлік бағасы 20,8%-ға өсті

2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 15,5%-ға, ақылы қызметтерге 10,1%-ға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

2022 жылғы тамызда (2021 жылғы тамызға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 15,5%-ды құрады. Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 60,5%-ға, мектеп сөмкесі, оқушылар рюкзагына – 44%-ға, жеке қолданылатын тауарларға – 28,4%-ға, жуу және тазалау заттарына – 26,6%-ға, тұрмыс құралдарына – 24,2%-ға, құрылыс материалдарына – 20%-ға, балалар аяқ киіміне – 19,6%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,2%-ға, ыдыс-аяққа – 16%-ға, балалар киіміне – 15%-ға, автомобильдерге – 14,6%-ға, тоқыма бұйымдарына – 11,3%-ға, фармацевтика өнімдеріне 10,7%-ға өсті.

Бір жылда (былтырғы және биылғы тамызға) ақылы қызметтер бағасы 10,1%-ға өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 20,1%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтеріне – 18,4%-ға, санаторий қызметтеріне – 15,3%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,9%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,8%-ға, қонақ үй қызметтеріне 6,9%-ға өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,7%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына, қоқыс шығаруға – 3,7%-дан, суды бұруға 1,6%-ға жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға 0,9%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу