Тамыз айында екі мыңнан аса ақпараттық шабуыл тіркелген

1501

Өткен айда "KZ-CERT" қызметі 903 ақпараттық қауіпсіздікті бұзу әрекетін тіркеген. Одан бөлек, 840 оқиға шетелдік серіктестік нәтижесінде анықталған. 

Тамыз айында екі мыңнан аса ақпараттық шабуыл тіркелген

"KZ-CERT" компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі мен оның халықаралық серіктестері ел аумағындағы фишингтік шабуылдар мен зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулерді жоспарлап, олардан қорғаумен айналысады. Бұл ұйым тамыз айында ел аумағында 2717 ақпараттық құқық бұзушылық тіркеген. Олардың 840-ын халықаралық серіктестер, ал 903-ін "KZ-CERT" қызметі анықтаған. 

"Ақпараттық қауіпсіздікті бұзу әрекеттері бұл тек тіркелген факт болып табылатынын ескертеміз. Бірақ мұны нақты құқық бұзушылық деп айта алмаймыз. Өйткені әр іс бойынша жеке тексеріс жүріп жұмыстары жүруде. Бұл ретте біздің ұжымның негізгі жұмысы – халқымыздың интернет желісін қауіпсіз түрде пайдалануын қамтамасыз ету",-дейді компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі өкілдері. 

Естеріңізге сала кетсек, 12 шілде "KZ-CERT" компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі "Халық Банк" ресми интернет-ресурсының көшірмесі болған фишингтік сайтты анықтады. Кибершабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының берген мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтар аталмыш сайт арқылы банк қызметін онлайн пайдаланатын 210 тұтынушының есеп шоттарына қол жеткізген. Осы орайда, "SAS" компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі мамандары төлем сайттарына кірген кезде қоғамдық орындардағы wi-fi қызметін пайдаланбау сынды бірқатар қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу