Тамыз айында еліміздің басым бөлігінде қуаңшылық болуы мүмкін

316

Бұл туралы "Қазгидромет" алдын ала болжамында хабарлады.

Тамыз айында еліміздің басым бөлігінде қуаңшылық болуы мүмкін Фото: freepik

Синоптиктердің мәліметінше, қуаңшылық Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жәнібек аудандарында, Ақтөбе облысының Шалқар мен Ырғыз аудандарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында  болуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары, Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандары да қауіп аймағына енген. Ал Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында да тамыздың басында құрғақшылық күтіледі.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында ылғал мөлшері орташа деңгейден жоғары болады деп болжанып отыр. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы көпжылдық қалыпты деңгейге жақын болады.

"Қазгидромет" бұл алдын ала болжам екенін ескертті. Ауа райы жағдайына қарай мәліметтер нақтыланып отырады. Болжам agrodata.kz платформасында және "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу