Тамыз айында ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстау облысында тіркелді

702

Ең төмені Алматы облысында байқалды.

Тамыз айында ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстау облысында тіркелді

Өңірлер арасында тамыз айында ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстау облысында тіркелді – 19,3% (республикалық деңгейден 3,2 пайыздық тармаққа жоғары), ең төмені Алматы облысында байқалды – 13,6% (2,5 пайыздық тармаққа төмен), деп хабарлайды inbusiness.kz статистика бюросының мәліметіне сүйеніп. 

Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында – 25,8%, ең төмені Алматы облысында байқалды – 18,4% .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласында ең көп қымбаттады – 21,6%-ға, ең азы Алматы қаласында – 12,5%. Айта кетейік, ҚР бойынша азық түлік емес тауарлар тамыз айында былтырғы сәйкес айға қарағанда 15,5% қымбаттаған.

Ақылы қызметтердің құны бір жыл ішінде Ұлытау облысында 15,8%-ға өсті, ал Ақтөбе облысында республикалық деңгейден 3,8 пайыздық тармаққа төмен болып шығып, 6,3% құрады.

Азық-түлік себеті бойынша биылғы шілде айымен салыстырғанда тамызда дәнді дақылдар елордада – 7,4%, майлар Алматыда – 3,5%, сүт өнімдері Ақмола облысында – 7,1% қымбаттады, жемістер мен көкөністер Қазақстанның барлық өңірінде арзандады.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша киім мен аяқ киім тамыз айында (шілдеге қарағанда) Ақмола облысында  4,5%-ға, жуу және тазарту құралдары Нұр-Сұлтан қаласында 7,6%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтер бойынша шілде айына қарағанда тамызда тұрғын үйді жалға алу бағасының ең жоғары өсімі Алматыда – 26,6%, ал электр энергиясының тарифтері бойынша Астанада байқалды – 16,3%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу