Тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

433

Тестілеу 15 тамызға дейін жалғаспақ. 

Тамыз айында өтетін ҰБТ басталды Фото: Хабар24

Қазақстанда тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тестілеуге қатысуға 17 мыңнан астам өтініш қабылданған. 

“ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде,  53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Тестілеуді өткізудің бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады”, - делінген хабарламада.

Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар немесе тестілеу қорытындысы жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, университетке ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өтеді. Тіркелу кезінде тестке қатысатындар емтихан өткізілетін орынды, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Олар тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу