Тамыз айында теңге бағамына қандай факторлар әсер етті

575

Тамызда теңге бағамы 472,29 теңгеге дейін 1%-ға нығайды. 

Тамыз айында теңге бағамына қандай факторлар әсер етті

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, теңгенің айырбастау бағамының қалыпты нығаюына экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері үшін шетел валютасын сатуы ықпал еткен, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, валюта нарығына ішкі факторлар көбірек ықпал еткен.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілері ЕДБ арқылы 469,5 млн АҚШ долларын сатты. Нарықтың теңгерімділігі аясында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Ұлттық қордан бюджетке трансфертті жүзеге асыру теңгедегі түсімдермен қамтамасыз етілді, сондықтан Ұлттық қордың валюталық активтерін сату талап етілмеді", – деп жазылған бас банк хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу