Тамыз айында 42,2 мың тонна қант импортталмақ

615

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тамыз айында ішкі нарық қантпен толық қамтамасыз етіледі деп болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тамыз айында 42,2 мың тонна қант импортталмақ

"Жергілікті атқарушы органдардың қорларын қосқанда республика бойынша қанттың жалпы қоры 118 мың тоннаны құрап, нарықтың қамтамасыз етілуі 169% болмақ", – деді Қарашөкеев.

Министрдің мәліметіне сәйкес, тамыз айындағы қант қажеттілігі 69,8 мың тоннаны құрамақ. 

"Тамыз айының басында республика бойынша қанттың ауыспалы қалдығы 35,1 мың тоннаны құрап, ақ қант импорты 42,2 мың тонна деңгейінде болады күтілуде. Қант зауыттарының деректері бойынша шамамен 41 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр", – деді ведомство басшысы.  

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы министрі Мемлекет басшысынан елдегі қант тапшылығына байланысты сөгіс алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу