Тамыз айындағы ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?

573

20-30 шілде аралығында testcenter.kz сайтында тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу жүргізіледі.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға кімдер қатыса алады? Фото: gov.kz

Тестілеудің 10 тамызда басталады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:

-          биылғы мектеп және колледж түлектері;

-          мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;

-          шетелде 11(12) сынып білім алушылары;

-          қандастар;

-          шартты түрде оқып жатқан студенттер;

-          басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;

-          ақылы негізде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер.

Орталық тестілеуге қатысу құны 5 640 теңге екенін еске салды.

"Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу