Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады.
Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы "Мектепке жол" республикалық акциясының шеңберінде, Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда өткізіледі.
Жәрмеңке тамыздың 11-12, 18-19 және 25-26 күндері сағат 10:00 ден 18:00 дейін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу