Тамыз айының соңы солтүстікте қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады

738

Жаздың соңғы күндерінде ел аумағында ауа райы күрт құбылады.  

Тамыз айының соңы солтүстікте қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады Фото: gov.kz

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, елдің кей аймақтарында жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал. Ал бірқатар өңірде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

25-27 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

26-27 тамыз күндері түнде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал. Ал Қазақстанның батысы мен оңтүстігін жауын-шашынсыз.

Солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 25-35 градусқа дейін ыстық болады деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу