Тамызда 34,5 мың алматылық індет жұқтыруы мүмкін

1137

Мамандар эпидемиологиялық ахуалға байланысты болжамдарымен бөлісті. 

Тамызда 34,5 мың алматылық індет жұқтыруы мүмкін

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова тамызда індет жұқтыру көрсеткіші өсетінін мәлімдеді. Айтуынша көрсеткіш 34,5 мың жағдайға жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"25 шілдеден бері эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті, орта есеппен күніне 1200-ден аса жағдай тіркелуде. Ал 2 тамыздағы жағдай бойынша 1540 індет жұқтыру фактісі анықталды. Жалпы алғанда шілде айында 27,5 мың адам індет жұқтыруы мүмкін деген болжам жасаған едік. Көрсеткіштер шамамен 2 мың жағдайға төмен болды. Ал тамызда 34,5 мың адам коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін. Болжамымыз бойынша қыркүйекке қарай эпидемиологиялық ахуал реттеліп, індет жұқтыру деңгейі 4,5 мың жағдайға төмендейді", – деді спикер. 

Сонымен қатар Алматыда індет белгідері бар науқастар саны 90%-дан 92%-ға артқан. Бұл ретте Әсел Қалықова шаһар тұрғындарының 36%-ында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын атап өтті. 

"Ұжымдық иммунитетті вакцинация көрсеткіштеріне байланысты есептейміз. Қазір оның деңгейі 36%-дан асты", – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу