Тамызда айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады

474

2023 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда баяулады және 13,1% құрады. Айлық инфляция көрсеткіші 0,7% тұрақтады. 

Тамызда айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, азық-түлік тауарлар бағасы бір жылда – 12,4%, азық-түлік емес тауарларға – 13,5%, ақылы қызметтерге 13,9% (2023 жылғы шілдеде – 13,6%) өсті, деп жазады Inbusiness.kz.

Айлық инфляция құрылымы:

  • Ақылы қызметтер – 1,9%;
  • Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,5% артқан.
  • Ал азық-түлік  бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы тамызда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмолада(14,1%), Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында (13,9%-дан), Алматы қаласында (13,7%), Қарағанды облысында (13,5%), Жамбыл және Қызылордада (13,3%-дан), Жетісу облысында (13,2%) қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу