Тамызда бір бөлмелі пәтерлер көп сатылған

713

Тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. 

Тамызда бір бөлмелі пәтерлер көп сатылған

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 17,4%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

"2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686  құрады және 2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда 17,4%-ға өсті", – деп жазылған мәліметте.

Жалпы алып-сату шарттарының 74,3% көппәтерлі үйлерге қатысты жасалса, 25,7% жеке үйлер бойынша жасалған.

"Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер саудасынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Бір бөлмелі пәтерлер бойынша келісімшарттың 56%-ы екі мегаполистің еншісінде (Нұр-Сұлтан – 2 888 шарт Алматы – 2 687 шарт)", – делінген бюро мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу