Тамызда газ бен өзге де коммуналдық қызмет түріне баға 5 пайыз қымбаттады

811

Тамызда газ бен өзге де коммуналдық қызмет түріне баға 5 пайыз қымбаттады

Тамыз айының қорытындысы бойынша, жылу және сумен қамту, электр қуаты, газ бен өзге де коммуналды қызмет түріне баға 5 пайыз қымбаттады, деп хабарлайды naryk.kz. 

Атап айтар болсақ, үйді күтіп ұстау құны 8,4%; қоқыс шығару 4,8% қымбаттаған.

Сумен қамту және кәріз жүйелеріндегі баға ең көп қымбаттаған. Соның ішінде суық су құны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,5% өсті. Ал ыстық су тарифы 3,5% қымбаттаса, кәріз жүйесі 9% қымбаттады.

Орталық жылыту құны 3,5%; табиғи газ 4,8% қымбаттады.

Өз кезегінде электр қуаты +9,7% өскен.

Естеріңізге сала кетейік, өткен апта мемлекет басшысы үкіметке коммуналды қызмет құнын батыл көтере беруді бұйырған еді.

Президенттің айтуынша, сонда ғана осы салаға шетелдік инвесторларды тарту мүмкін болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу