Тамызда халықаралық резервтер 1,9% өсті

804

2021 жылғы тамызда Қазақстанның халықаралық және Ұлттық банктегі жалпы резервтері, Ұлттық қордағы қаражат 93,7 млрд доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Тамызда халықаралық резервтер 1,9% өсті

Ұлттық банктің мәліметінше, шілдеде халықаралық резервтер 91,9 млрд доллар, өткен жылғы желтоқсанда 94,381 млрд доллар болған. Осылайша, бір айда көрсеткіш 1,9% өсіп, жыл басынан бері 0,7% азайды.

Ұлттық қордың активтері бір айда 0,05% қысқарып, $56,866 млрд болды (жыл басынан бері минус 3,2%).

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері бір айда 5,18% өсіп, 36,8 млрд долларға жетті (жыл басынан бері – 3,26%).

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тамызда 34,721 млрд доллар болып, 0,68% ұлғайды (жыл басынан бері минус 1,17%).

Валютадағы активтер бір айда 13,75% ұлғайып, 13,895 млрд долларға жетті (жыл басынан бері өсім – 15,26%).

Алтын активтері өткен айда 0,59% өсіп, 22,905 млрд доллар болды (жыл басынан бері минус 2,87%).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу