Бұл туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесінде жазылған.
"Тамызда іскерлік белсенділік 49,9 құрап, біршама төмендеді. Индекс бейтарап сызығының (50 белгісінде) шегінде тұр", – деп хабарлады ҰБ.
Секторларда айтарлықтай өзгеріс жоқ: индекстер бейтарап белгісінің (50,0) маңында болды. Қызмет көрсету секторында ғана көрсеткіш 50,1 (шілдеде - 51,3) мәнімен оң аймақта тұр. Өндірісте аздаған нашарлау байқалды. Мұнда көрсеткіш 49,8-ге (шілдедегі 50,2-ден) дейін төмендеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста индекстер жақсарғанына қарамастан (тиісінше 48,9-дан және 49,4-тен), 49,7 (бірдей) мәнімен теріс аймақта қалды. Шілдемен салыстырғанда, тауарлы-материалдық қорлардың көлемі қалпына түскенімен, жеткізілімдегі мерзімдер қалпына келген жоқ.
Ағымдағы бизнес жағдайларды бағалау төмендегенімен, болашақ бизнес-жағдайды бағалау біршама жақсарды. Осылайша, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 10,8 болды (2023 жылғы шілдеде – 11,2). Бизнес-цикл "сағатының" индикаторы өсу аймағында қалды. Себебі бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайларын бағалау оң қалпында қалды.