Тамызда Каспий мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойылуы мүмкін

818

Тамызда Каспий мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойылуы мүмкін

Каспий мәртебесі жөніндегі конвенцияға 2018 жылы тамыз айында Астанада каспийлік мемлекеттердің саммитінде қол қойылуы ықтимал, деп хабарлады РФ СІМ басшысының орынбасары Григорий Карасин. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстанға" сілтемемен today.kz хабарлайды. 

"Сарапшылар деңгейінде өнімді жұмыс жүргізілуде. Тамызға көзделген саммиттің нәтижелі аяқталып, оның қорытындысы бойынша Каспий мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойылғандығын қалаймыз", – деді Григорий Карасин Бакуде. Бұл туралы әзірбайжандық БАҚ хабарлады.

Оның айтуынша, бұл құжатқа қолдың қойылуы аймақта тұрақтылықтың орнауына ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу