Шекарада ел заңнамасын бұзған 5588 адам ұсталды, соның ішінде 4907 шетел азаматы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 әрекетінің жолы кесілді. Оның ішінде 30-ы есірткіге, 68-ы қару мен оқ-дәріге, 1061-і жанар-жағармай материалдарына, 751-і халық тұтынатын тауарларға және 179-ы шетел валютасына қатысты.
Каспий теңізінде браконьерліктің 61 дерегі тоқтатылып, алдын алынған шығын 561 млн теңгеден асқан. Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғаған. Бұдан бөлек, 4 886 әкімшілік іс бойынша 40 млн теңгеден аса айыппұл салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу