Қытай экспортының көлемі тамыз айында жылдық мәнде 8,8%-ға – 284,87 млрд долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасына сілтеме жасап.
Trading Economics жетекшілік ететін сарапшылардың консенсус болжамы бойынша көрсеткіш 9,2%-ға қысқарған.
Шілдеде бұл көрсеткіш 14,5%-ға төмендеген. Қытай экспорты әлемдік сұраныстың әлсіреуіне байланысты төрт ай қатарынан азайып келеді.
АҚШ-қа жеткізу өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 9,5%-ға, АСЕАН елдеріне – 13,25%-ға, Еуропалық Одаққа – 19,6%-ға азайды.
Тамызда импорт көлемі 7,3%-ға қысқарып, 216,51 млрд долларға жетті, ал сарапшылар 9%-ға төмендейді деп күткен еді. Бір ай бұрын көрсеткіш 12,4%-ға төмендеген.
Мыстың импорты 5%-ға, болат өнімдері – 29,1%-ға, ет – 4,6%-ға төмендеді. Бұл ретте мұнайды сатып алу – 30,9%-ға, мұнай өнімдерін – 86,8%-ға, табиғи газды – 22,7%-ға өсті.