Тамызда МӘМС қорына 8,2 миллиард теңгеге жарна түсті

1225

Жарна төлеу бойынша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Тамызда МӘМС қорына 8,2 миллиард теңгеге жарна түсті

Өткен айда медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды.

Жүйе іске қосылған уақыттан, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 97 млрд теңгеге жетті.

Оның 88,4 млрд теңгесі (91%-ға жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңгесі (9% жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Қаржы болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу