Тамызда Тайланд пен Грузияға рейстер ашылады

1262

602 қазақстандық Түркияда демалып үлгерген.

Тамызда Тайланд пен Грузияға рейстер ашылады

Елдегі эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақталмаса да халықаралық әуе рейстері қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков онлайн-брифингте айтты.

"20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық әуе қатынасы ашылған болатын. 20 маусым мен 4 шілде аралығында 602 қазақстандық туристік компаниялардың қызметін пайдаланып, Түрикяда демалуға мүмкіндік алды. Осылайша отандық туристік операторлар клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай бастаған. Бірақ эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға ашылған рейстер уақытша тоқтатылды. Қазір жағдайдың қайта оңалғанын ескере отырып, бірнеше елмен әуе қатынасын жандандыру мәселесі қарастырылуда. Атап айтсақ, тамыз айында Тайланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарлануда", – деді ол.  

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу