Тамызда төлебилік 42 отбасы жаңа баспанаға ие болады

1083

Мамыр айында ауданда сел жүріп, ондаған үй бүлінген еді.

Тамызда төлебилік 42 отбасы жаңа баспанаға ие болады

Селден кейін үйі жарамсыз болып қалған 42 отбасыға жаңа үй тамызда тапсырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Төлеби ауданында биылғы жылдың 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, сел болған еді. Салдарынан ондаған үйді су басып, зақымданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы 42 үй жарамсыз деп танылып, жаңа баспаналардың құрылысы басталған еді. Бүгінде үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 42 үй тамыз айының басында толық аяқталып, иелеріне табысталмақ.

Айта кетерлігі, аталған баспаналардың 17-сі – Леңгір қаласында, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і – Ынтымақ ауылдында соғылуда. Қазіргі таңда 22 үйдің шатыры жабылып, терезесі орнатылған.

"Ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал 20 үйдің шатырын жабу жұмыстары жүргізілсе, 7 үй жуық арада толық аяқталады. Баспанлардың жалпы аумағы – 2640 шаршы метр. Үйлердің құрылысын 9 мердігер мекеме жүргізуде",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу