Тамызда Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі 500 млн долларға ұлғайды

538

Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 384 млрд теңге бөлінді.  

Тамызда Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі 500 млн долларға ұлғайды

Алдын ала деректерге сәйкес, тамыздың қорытындысы бойынша Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 500 млн АҚШ долларына ұлғайып, 53,8 млрд долларды құрады, деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

"Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 384 млрд теңге бөлінді. Трансферттердің негізгі бөлігі қорға шамамен 338 млрд теңгені құраған теңгедегі түсімдер есебінен, сондай-ақ Ұлттық қордың теңгелік шотындағы қалдық есебінен бөлінді. Осылайша, бұрын көрсетілгендей, өткен айда Ұлттық Банк Ұлттық қордың валюталық активтерін ішкі валюта нарығында сатқан жоқ. Бұл ретте қорға валюталық түсімдер тамызда 1,76 млрд АҚШ долларын құрады",- деп жазылған ҰБ хабарламасында.  

Өткен айдың қорытындысы Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс аймақта болғанын көрсеткен. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

"облигациялар мен акциялар нарығының құлдырауы – ақша нарығы құралдарына капиталдың көптеп әкетілуіне байланысты болды" дейді. Айтуынша, бұл әлемнің жетекші орталық банктерінің ақша-кредит саясатын үздіксіз қатаңдатуы әсерінен болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу