Тамызда зейнетақының инвестициялық кірісі бірден 6%-ға өсті

866

Барлық кезеңдегі инвестициялық кіріс 5,5 трлн теңгеден асты.

Тамызда зейнетақының инвестициялық кірісі бірден 6%-ға өсті

Биылғы жылдың тамыз айында БЖЗҚ зейнетақы активтері 12,8 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 6,3% -ға артық. Бұл туралы ranking.kz жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Активтер зейнетақы жарналары, сондай-ақ инвестициялық кірістер есебінен қалыптасқан. Мұндағы маңызды үлес инвестициялық кірістерге тиеселі. 
Жалпы, БЖЗҚ -дағы барлық зейнетақы активтері қосылғаннан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық кіріс 5,5 трлн теңгеден асты. 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі 36,1% құрап отыр. 

Әртараптандырылған инвестициялық портфельдің құрылымдық өзгерістерді бойынша шілде айының соңына қарай көрсеткіш мынандай болған: мемлекеттік бағалы қағаздар 2020 жылы 43,2% -дан 2021 жылы 38,8% -ға,  облигациялар 26,4% -дан 22, 3% дейін және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 11,1%-дан 9,3%-ға дейін төмендеген. 

Ал шетелдік банктердегі салымдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының, сондай-ақ акциялардың үлесі айтарлықтай өскені байқалады. 
ҚР Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 6,48%-ды құраған, инфляция 5,3% болды. Бұл ретте соңғы 12 айдағы рентабельділік 10,56%-ға жетті, осы кезеңдегі инфляция 8,4%-ды құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу