Тамыздың басына қарай доллар 409,65 теңге болады

718

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығының болжамы осындай. 

Тамыздың басына қарай доллар  409,65 теңге болады

Қаржы нарығының сарапшылары теңге бағамының айтарлықтай өзгермейді деген пікірде. Шілде сауалнамасының нәтижелері бойынша қаржы нарығының кәсіби қатысушылары орташа есеппен тамыз айының басына қарай бір доллар 409,65 теңге болады деп топшылап отыр. Сауалнама жүргізу кезінде (03.07-10.07) KASE-дегі доллар бағамы бір доллар үшін 405,87-412,55 теңге шамасында болды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемеге қатысты әрекеттеріне қатысты пікірлері бірдей. Шілде айында сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 75,0% алдағы уақытта базалық мөлшерлеме өзгермейді десе, 18,8% төмендеуі мүмкін деп топшылайда, ал 6,3% көрсеткіш өседі деп отыр. Сарапшылардың болжамынша, тамыз айының басында Brent сұрыпты мұнай баррелі 44,6 долларға саудаланады.

Болжамға сәйкес, 12 айдан кейін Қазақстанның ЖІӨ-нің жылдық өсімі орташа есеппен 1,2%-ға өсуі мүмкін, бұған дейін 0,8% болады деп айтылған еді. Естеріңізге сала кетейік, ҰЭМ 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі минус 0,9% болады деп болжаған болатын. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның ЖІӨ 1,8%-ға төмендеді.

Алдағы 12 айда бағаның өсу қарқыны бойынша болжамдар сол қалпында қалды. Шілде айында 12 айдан кейін күтілген инфляция 7,6% болды. 2021 жылдың соңына қарай көрсеткіштің 7,5%-ға дейін сәл төмендеуі күтілуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу