Таңғы саудада доллар бағасы қымбаттады

476

Ұлттық банктің 7 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 527,30 теңге.

Таңғы саудада доллар бағасы қымбаттады Фото: freepik

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528-536 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банктің 7 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 527,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,95 теңге. Еуро – 544,86.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 533,5 теңге. Еуро 542,5-549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 529 теңге, сатып алу құны – 536 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу